419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Атырау облысында екпе салудың алғашқы күні қалай басталды?

  • 128
  • UPD: 13:11, 01.02.2021

Атырау облысында вакцина алуды алдымен әкім орынбасарлары мен басқарма басшылары қолға алыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Асланбек Шығыр, тілші:

– Бүгін міне, біздің аймақта ерікті түрде екпе салу басталды. Біз қазір мұнайлы шаһардағы 3-емханадан тікелей эфирге шығып тұрмыз. Жалпы осындай барлығы 22 медициналық ұйым әзірленген екен облыста. Оның 15-і мемлекеттік, қалғаны жекеменшік ұйымдар. Мұнайлы өңірде негізгі екпені сақтауға арналған көлемі 700 литр болатын мұздатқыш демеушілер көмегімен алыныпты. Ал жекеменшік медициналық мекемелер мұздатқыштарды өз қаражаты есебінен алады. Осы 3-емханаға облыс әкімінің орынбасарларынан бастап, басқарма басшылары екпе салдыруға келген.

Атырау облысында вакцина алдымен коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға көмек көрсететін медицина мамандарына салынбақ.

Айта кетейік, вакцина алғаннан кейін әр адам 30 минут бақылауда болады. Жалпы жағдайы жіті тексеріледі. Бекітілген әр медициналық ұйым 60 адамға вакцина салады. 1 құты 5 дозаға арналған. Яғни бір құты 5 адамға вакцина салуға есептеліпті. Жалпы облыс тұрғынын қамту жоспарланған екен.

Хабар 24 телеарнасы