Қызылорда облысында жылқы ұрлаған күдікті құрықталды

Қызылордалық полицейлер жылқы ұрлаған аудан тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

28 қаңтарда Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 26 жастағы ауыл тұрғыны қыстаудағы мал қорасынан бір бас жылқысының ұрланғандығы туралы шағымданған. Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті 30 жастағы аудан​ тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1-бабының 3-бөлігімен (Мал ұрлау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.