COVID-19: Қарағандыда бір тәулікте 150 адамға екпе салынады

Коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу жұмыстары Қарағандыда да басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда қала бойынша бір тәулікте 150 адам егіледі. Алдымен дәрігерлер арасынан ерікті түрде егілушілер іріктелген.

Дәуренбек Бағдәулетұлы, тілші:

– Вакцина жасау 12-де басталды. Осы уақыт аралығында шамамен 15 адам егіліп үлгерді. Әзірге барлығы қалыпты жағдайда өтуде. Алғашқы екпе салдырғандардың бірі – Айнұр Әбдиева. Ол карантин талаптарын қатаң сақтаған. Коронавирустық инфекциямен ауырған жоқ. Енді вакцинадан кейін сенімділігім тіптен арта түсті дейді.

Еске сала кетейік, «Спутник V» вакцинасының бір флаконы 5 адамға салынады. Араға 21 күн салып, 2-кезеңі егіледі. Қазір облысқа 1700 доза жеткізілген. Оны 3 күнде толық қолданады. Инъекциядан кейін 3 күн ішінде тұмауға ұқсас симптомдары болуы мүмкін. Мамандар бұл қалыпты жағдай дейді.

Екпеден кейін пациент 30 минут бақылауда болады. Осы аралықта дәрігер қадағалау жүргізеді. Мұнда жедел әрекет ету орталығы да бар.

Айта кетейік, қазір Ресей вакцинасы салынып жатыр. 15 ақпаннан бастап біздің Қарағандыда шығарылған вакциналар салынатын болады.

Сондай-ақ...