Павлодар облысында төрт жерде мұз өткелдері жұмыс істей бастады

​Жыл сайын Ертіс өзенінің бойында орналасқан Павлодар облысының елді мекендерінің ауыл шаруашылығы қажеттілігі үшін жергілікті атқарушы органдар жергілікті полиция қызметкерлерімен, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп қысқы кезеңде өзен арқылы мұз мен жаяу өткелдері жұмыс істеуін ұйымдастырады.

​Бүгінгі күні облыс бойынша ресми түрде 4 мұз өткелі ашылды.

​- Май ауданында Баскөл ауылы (20 қаңтардан бастап), осы өткелде мұз қалыңдығы 45-50 см құрайды, оның жүк көтергіштігі 10 тоннаға дейін техникадан өтуге мүмкіндік береді, өткелдің ұзындығы 50 метрді құрайды.

​- Ямышев ауылының Аққулы ауданында (21 қаңтардан бастап) аталған өткелде мұздың қалыңдығы 60-65 см құрайды, оның жүк көтергіштігі 7 тоннаға дейін техникадан өтуге мүмкіндік береді, өткелдің ұзындығы 800 метрді құрайды.

​- Железин ауданында Башмачное ауылында (26 қаңтардан бастап) осы өткелде мұз қалыңдығы 60-63 см құрайды, оның жүк көтергіштігі 12 тоннаға дейін техникадан өтуге мүмкіндік береді, өткелдің ұзындығы 600 метрді құрайды.

​- Павлодар ауданы, Жаңақала ауылы, Григорьевский ауылдық округі (28 қаңтардан бастап), бұл өткелде мұз қалыңдығы 77 см құрайды, оның жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейін техникадан өтуге мүмкіндік береді, өткелдің ұзындығы 350 метрді құрайды.

​Бұл өткелдер күн сайын сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін, 2021 жылғы 1 наурызға дейін жұмыс істейді.