Семейде 650 адам коронавирусқа қарсы екпе алады

Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасы бүгін таңертең қаладағы №1, 2 және 7 емханаға жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ең алдымен қауіпті кеселге қарсы екпені жедел жәрдем станциясының және перзентханадағы жансақтау бөлімінің қызметкерлері салдырды. Олардың әрқайсысы вакцина алар алдында дәрігерлік жалпы тексерістен өтіп, дене қызуы мен қан қысымы өлшенді. Вакцинадан келер қауіп жоқ дейді дейді мамандар. Алғашқы дозаны алғаннан кейін екіншісі 21 күннен соң салынады. Осы апта ішінде қалада 215 адамға екпе салу жоспарланып отыр.

Думан Берікұлы, ШҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:

– Ешқандай кері әсер байқамадам, айтарлықтай өзгеріс жоқ. Екпе салған жер аздап қызаруы мүмкін, жалпы реакцияға келсек тұмау болғандағы сияқты симптомдар болуы мүмкін.

Сондай-ақ...