Алматыға ресейлік вакцинаның 1 450 данасы жеткізілді

Қаладағы бірқатар емханада егу шаралары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Вакцинаны алғашқылардың бірі болып қала әкімінің орынбасары мен қаланың бас санитарлық дәрігері салдырды. Бұл туралы алматылық тілшіміз Алмас Сәдуақас баяндады.