417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысына вакцинаның 80 мың мөлшері бөлінді

  • 131
  • UPD: 16:58, 01.02.2021

COVID-19 вакцинасының алғашқы партиясын алған Павлодар облысында егу жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қауіпті вирусқа қарсы екпені бірінші болып облыс әкімінің орынбасары және Денсаулық сақтау басқармасының басшысы алуға ниет білдірген.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

– Бірінші кезекте «Гам-КОВИД-Вак» немесе «Спутник V» деп аталатын препараттың 1 200 дозасы жеткізілді. Препараттар Ғалым Сұлтанов атыңдағы облыстық аурухананың қоймасында сақталады. Емдеу мекемесі көлемі 2,2 текше метр мұздатқыш камералармен жабдықталған. Қосымша тағы 1,2 текше метр болатын тағы үш арнайы мұздатқыш алу көзделіп отыр. Қажет болған жағдайда Облыстық қан орталығының қоймасы іске қосылады. Осы қоймалардан вакцина облыс көлеміндегі 31 емханаға термоконтейнерлермен жеткізіледі. Ал вакциналауды арнайы дайындық курсынан өткен 1125 медицина қызметкері жүзеге асырады. Олардың өздері де вакцинаны бірінші кезекте алуы тиіс. Десекте, облыс әкімінің әлеуметтік мәселелер жөнінен орынбасары Айзада Құрманова мен Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейтқазинов вакцинаны бірінші болып салдыруға ниет білдірген екен.

Қалалар мен аудардарда 107 егу кабиенті дайындалған. Жалпы Павлодар облысына вакцинаның 80 мың мөлшері бөлініп отыр. Бастапқы кезеңде мыңға тарта адамға екпе жасалады. Алдымен медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдер одан кейінгі кезекте тұрғындар тұр. Өздеріңіз білесіздер, Павлодар облысында эпидемиологиялық ахуал күрделі. Күн сайын ауру жұқтырудың 240-тан аса оқиғасы тіркеліп жатыр. Өткен аптада карантиндік шаралар күшейтіліп, облыс аумағында 16 санитарлық бекеттер қойылды. Облыс аумағы арқылы өтетін барлық көліктер мен жолаушылар тексеріледі. Бүгінгі күнге дейін шекаралық бекеттерде 16 мың ПТР зерттеулер жасалған. Нәтижесінде коронавирус инфекциясының 112 жағдайы анықталған. Ал Ресеймен шекаралас жатқан аудандардағы стационарларда екі мыңнан астам науқас тексерілуде. Облыс бойынша коронавирус инфекциясына шалдыққандар саны 13 мың 610 адамға жетті.

Хабар 24 телеарнасы