Иммунолог: QazCovid-in уақытында пайдалануға берілмеуі мүмкін

Қазақстанда Covid-19-ға қарсы вакциналаудың тиімділігі төмендеуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Иммунолог Борис Каральник QazCovid-in вакцинасы ақпан айының соңына дейін қолданысқа берілмейді деп отыр. Үлгермей қалуы ғажап емес. Бастапқыда қазақстандықтарға Ресейдің «Спутник-V» вакцинасы егіледі. Тек кейін ғана отандық екпені айналымға кіргізу жоспарланған. Медицина ғылымдарының докторының пікірінше, вакциналау ерікті түрде өтпеу керек. Себебі мұндай тәсіл халыққа ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға кедергі келтіреді дейді.

Борис Каральник, иммунолог, медицина ғылымдарының докторы:

– Вакцина жасау өндірісі бірнеше кезеңнен тұрады. Оны жасағаннан кейін өндіріс сериясын қадағалау керек. Мұның барлығы уақытты талап етеді. Ал бірінші және екінші екпенің арасы – 21 күн. Осы тұста егер бірінші инъекцияға ресейлік «Спутник V» вакцинасын, ал екіншісіне қазақстандық QazCovid-in пайдалансақ, жалпы вакциналаудың тиімділігі жоғары болады деп ойлаймын. Себебі екеуінің негізгі құрамы әртүрлі. Бұл коронавирусқа қарсы иммунитеттің қалыптасуына жақсы әсер етеді.

Сондай-ақ...