Алматы облысындағы Үлкен дихан ауылы ауызсуға жарымай отыр

Алматы облысындағы Үлкен дихан ауылы ауызсуға жарымай отыр

Алматы облысындағы Үлкен дихан ауылы тұрғындарының бір бөлігі мемлекеттік жобаның игілігін көре алмай отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

2016 жылы елдімекенге «Ауыз су» бағдарламасымен су мұнарасы тұрғызылып, құбыр тартылған болатын. Бірақ онысы сапалы болмай шықты. Жиі жарылады. Осыған дейін қысымға шыдас бере алмай, 25 рет тесілген екен. Жұртшылық оны өз күшімен жамап жасқағанымен, еш нәтиже шықпаған. Орталық су жүйесіне қосылып, қаладағыдай күн кешеміз деп қуанғандардың үміті ақталмай тұр. Қазір ауылдың төменгі жағында тұратындар тіршілік нәрін өзеннен тасып ішіп отыр.

Мейіржан Әбдіхалықов, ауыл тұрғыны:

– Міне, мынау жасап қойған суатымыз, осы жерден ас суымызға пайдаланатын суды алып отырамыз. Түсте алуға болмайды. Себебі көрдіңіздер ғой, малдың тезегі, қоқымы суға түсіп кетеді.