424,94 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде «102» мобильдік қосымшасы іске қосылды

  • 537
  • UPD: 15:36, 01.02.2021
Елімізде «102» мобильдік қосымшасы іске қосылды NewTimes.kz

Бұдан былай ел азаматтары полицияға қылмыс пен құқық бұзушылық туралы ақпаратты «102» мобильдік қосымшасымен де хабарлай алады.

Тіпті операторға аудио не видеобайланыс көмегімен орналасқан жерін айтып, қашықтан шағымдануға мүмкіндік алады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді. Сондай-ақ Facebook пен Telegram-да чат-бот арқылы жаппай хабарлама жариялау жүйесі де қарастырылған. Осылайша, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілдері өзінің оң нәтижесін көрсетіп жатыр. Мәселен, соңғы апта ішінде жасалған 3 мыңнан астам қылмыстың шамамен 2 мыңы ізі суымай ашылды. Оның ішінде 8 кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіріп, арты кісі өліміне ұласқан 8 жағдай, 2 қарақшылық, 3 тонау және 437 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстары әшкере болды.

Алексей Милюк, ҚР ІІМ Әкімішлік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

– Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік үлгісі толық әмбебап болып саналмайды. Сондықтан мұнда әр елдің мәдениеті, менталитеті, заңнамалары, географиялық орналасуы мен ресурстық мүмкіндіктері ескерілуі керек. Алғашында бұл бағдарлама пилоттық жоба ретінде Қарағанды облысында бастау алып, оң нәтижесін көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы