Ақтөбеге коронавирусқа қарсы вакцинаның 1000 дозасы жеткізілді

Екпені алғашқы болып облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі компонентті ресейлік екпенің алғашқы легі өңірге кеше түнде жеткізілген. Дәрілік заттың екінші бөлігі 21 күннен кейін егілуі тиіс. Олар бірінші кезекте қауіпті аймақта еңбек ететін медицина қызметкеріне арналады. Қазір жұқпалы дертпен күреске 960 дәрігер мен медбике жұмылдырылған. Вакцина салдыру тегін. Алдағы уақытта ниет білдірген кез келген адам екпе жасата алады. Бастысы, кәмелет жасына жетуі және ағзасы медициналық көрсеткіштер бойынша сай болуы тиіс.

Рүстем Исаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жағдайым жаман емес. Енді өзім бірінші бастап жатырмын. Өзім бұл вакцинаға сенемін. Мұның күші енді алты ай-бір жыл иммунитетті ұстап тұрады. Енді иммунитет болғасын адам ауырып қалса да, жеңіл түрде өтеді.