СҚО-ға «Спутник V» вакцинасының 1200 дозасы жеткізілді

Еліміздің солтүстігінде де коронавирусқа қарсы вакцина салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екпені алғашқылардың бірі болып өңірдің бас полицейі мен санитар дәрігері және медицина қызметкерлері салғызды.

Самат Қайырденұлы, тіліші:

- Ресейлік «Спутник V» вакцинасының 1200 дозасы бүгін түнде өңірге жеткізілді. Таңсәріден жауапты мамандар оны қабылдап, емханаларға бөліп берді.

Сол себепті екпе жұмыстары түстен кейін басталып отыр. №3 емханада алғашқылардың бірі болып аталған препаратты полиция департаментінің бастығы, бас санитар дәрігер және денсаулық сақтау басқармасныың мамандары салғызды. Ешкімде аллергиялық реакция байқалмады. Екпе жасатқан соң олардың барлығы жарты сағат бойы дәрігерлердің қарауында болды. Жалпы облыста бүгінгі күні 370-тен астам екпе егу орны бар. Оның 17-інде осы ковидке қарсы вакцина егіледі. Бүгін оның 8-і өз жұмысын бастады. Және әр пункт күніне 25-30 адамды қабылдай алады.

Әсет Жұматаев, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы:

- 1200 доза төрт ауданға бөлінді. Бірінші жұқпалы аурулары бар аудандардарда басталады. Одан кейін Қарағандыдан фармацевтикалық кешенінен вакциналар келіп түсіп отырады. Сәуір-шілде айларында Қазақстанда жасалған 600-ге дейін ай сайын вакцинациясы келіп түседі. Және де өздеріңіз білетіндей екінші тоқсаннан бастап QazCovidIn вакцинасы қолданылатын болады.

Жауапты мамандардың мәліметі бойынша алғашқы кезеңде, яғни стационарларда еңбек етіп жүргендер, жедел жәрдем қызметі мен эпедемиолог мамандар қабылдайды. Бұл шамамен 9 мыңнан астам маман. Жалпы 70 мыңға жуық адамға ине салу жоспарланған. Бұл ерікті түрде, әрине. Жалпы өңірде эпидахуал күрделі. Облыс әлі «қызыл» аймақта. Өткен тәлікте қауіпті індет 85 адамнан анықталды.