Елордада 21 мектеп карантинге жабылды

Кезекші сыныптарда оқитын 156 баладан қауіпті вирус анықталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Желтоқсан айымен салыстырғанда ауру жұқтыру көрсеткіші 1,5 есе артты. Науқастардың 16%-і балалар. Төрттен бір бөлігі 30 бен 39 жас аралығындағы азаматтар.

«Ал 50 жастан асқандары арасында вирустың таралуы бәсең», дейді қаланың бас санитар дәрігері. Қазір елорда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты қайта «сары» аймаққа енді. Мамандар сөзіне сүйенсек, вирустың таралу деңгейі әлі де жоғары. Өткен тәулікте шаһарда 61 адам індет жұқтырған.