Еліміздің әуе күші зениттік зымыран кешенімен толықты

Елімізде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері «Бук-М2» зениттік зымыран кешенімен жарақталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – әуе нысаналарын ұстауға және зақымдауға арналған құрал-жабдықтар кешені. Мұнда жарықтандыру мен бағыттау радиолокаторы, нысандарды анықтау станциясы және командалық бекеттер кіреді. Бұдан бөлек, тексеру жұмысына арналған құрылғылар да бар.

Нұрлан Орманбетов, ҚР ҚК ӘҚК Бас қолбасшысы, авиациялық генерал-лейтенанты:

- «Бук-М2» орта қашықтықтағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары арасында өзі тәріздес техниканың үздігі деп атауға болады. Жеткізілген кешен әуе кеңістігін және жауапкершілік аймағындағы маңызды объектілерді қорғау үшін әскерлердің жауынгерлік мүмкіндіктерін едәуір арттырады. Сынақтардан кейін ол елдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесіне біріктіріліп, жауынгерлік кезекшілікке түсетін болады.

Сондай-ақ...