417,02 504.70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да тасқынға дайындық жұмыстары пысықталып жатыр

  • 121
  • UPD: 19:05, 01.02.2021
ШҚО-да тасқынға дайындық жұмыстары пысықталып жатыр

Күн райы күрт жылынса, шығыста 5 ауданды су басуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл Катонқарағай, Алтай, Көкпекті, Шемонаиха және Риддер секілді таулы өңірлер. Бір ғана Алтай ауданында, Бұқтырма өзенін жағалай қоныстанған 10-нан аса ауыл бар. 2018 жылы осы ауылдардың көбін су басқан. Сондықтан биыл ауданда тасқынға дайындық жұмыстары ерте басталды. Күзден бері бірнеше ауылда арықтар тазаланды. Қар еріген кезде су жайылуы мүмкін кей өзендердің жағасын биіктету жұмыстары жүргізілді. Бүгінге дейін 8 мың тоннаға жуық инертті материал дайындалған.

Николай Игнашин, Алтай ауданы әкімінің кеңесшісі:

- Техникалық материалдық жағдайды да нығайтып жатырмыз. Аудандағы ауыр техникасы бар шаруашылықтар және кәсіпорындармен келсімшартқа отырдық. Ал бүгінге дейін ауданда тасқынға тосқын жұмыстарды күшету үшін облыс бюджетінен 96 миллион теңге бөлінді.

Хабар 24 телеарнасы