Павлодар облысына «Спутник V» вакцинасының алғашқы 1200 дозасы жеткізілді

Коронавирус індеті өршіп тұрған Павлодар облысына Ресейде шығарылған «Спутник V» вакцинасының алғашқы 1200 дозасы жеткізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Препараттар Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық аурухана қоймасында сақталады. Емдеу мекемесі көлемі 2,2 текше метр мұздатқыш камералармен жабдықталған. Вакцина аймақтағы 31 емханаға термоконтейнерлермен жеткізіледі. Екпені арнайы дайындықтан өткен 1125 медицина қызметкері жүзеге асырады. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, полицейлер мен мұғалімдерге жасалады. Бүгін екпе науқанын облыс әкімінің орынбасары, Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бастады. Павлодар облысына вакцинаның 80 мың мөлшері бөлінген. Қалалар мен аудардарда 107 егу кабиенті дайындалған.

Нұрлан Қасымов, облыс бойынша әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры:

- Жаңа ғана біз сол бірінші қатардың ішінде вакцинаны алдық. Әзірге ештеңе сезініп отырған жоқпын, жәй екпе сияқты. Енді реакция болуы тиіс емес. Оның бәрін бізге дәрігерлер екпеден кейін қандай реакция болуы мүмкін екенін айтып берді. Аздап температура көтерілуі мүмкін, бұшықеттер, буындар ауыруы мүмкін. Бірақ қатты реакция болуға тиісті емес.

Сондай-ақ...