419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанайда белгісіз біреу елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратып жүр

  • 141
  • UPD: 23:12, 01.02.2021
Қостанайда белгісіз біреу елді дүрліктіріп, жалған ақпарат таратып жүр

Қаңтар айында полицейлерге тұрғын үй, құрылыс супермаркеті мен ойын-сауық орталығында жарылғыш зат қойылды деген төрт бірдей хабарлама түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан екі жарым мыңнан аса адамды эвакуациялауға тура келді. Аяғынан тік тұрып, аталған мекенжайларды тексерген арнаулы қызмет жасырынған бомба таппаған. Барлық хабарлама расталмады. Бүгін таңсәріде полицейлердің электронды поштасына «сапаржайда жарылғыш зат бар» деген хат келді. Ғимараттан шұғыл түрде жолаушылар мен қызметкерлер қауіпсіз жерге көшірілді. Бірақ автобус рейстері үзілмеді. Құқық қорғаушылар нысан аумағын қоршап, ақпараттың жалған екеніне көз жеткізді. Тергеушілердің пайымдауынша, жалған ақпарат тарату – бір адамның іс-әрекеті. Қазір оған іздеу салынды.

Ерлан Сембин, облыстық ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы:

- Аталған қылмыстар бір адамның әрекеті. Келіп түскен хабарламаларды талдай келе осындай қорытындыға келдік. Себебі келген хаттардың уақыты мен мекенжайы сәйкес. Қылмыстық кодекс бойынша күдіктіге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесіледі.

Хабар 24 телеарнасы