Қ.Тоқаев: Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

Еліміздегі вакциналау науқанына қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазба қалдырып, екпенің маңыздылығына тоқталды.

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді. Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», - делінген Президент жазбасында.