419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысының тұрғындары жер сұрап отыр

  • 101
  • UPD: 08:32, 02.02.2021

Алматы облысы Панфилов ауданындағы Жерұйық ауылында жерге қатысты басы ашылмаған мәселе көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жұртшылық осыған дейін ортақ мүліктегі дүние деп келген қырманның бір бөлігі жекеменшікке өтіп кеткен. Баспана салу үшін кезекке тұрған 200-ден аса адамның бірде-бірі жер телімін алмапты.

Елдос Рахметов отбасымен жалдамалы үйде тұрады. Төрт баланың әкесі шаңырақ көтерген жылы жер телімін алуға өтініш беріпті. Содан бері он жылдан аса уақыт өтсе де кезегі жылжымаған.

Елдос Рахметов, Жерұйық ауылының тұрғыны:

– 2009 жылы 66 болып жазылғам кезекке. Сол күйінше тұр әлі. Жер берілсе, жер алып, үй салу керек қой. Үй тұрғызып алсақ деген арман болып кетті. Қала болса, түсінетін едік. Кішкентай ауылда тұрып осындай проблема болып жатыр.

Ауыл тұрғындарына баспана салатын жерден бөлек, жайылым және егістік қажет. Өйткені халық саны өсіп, бүгінде екі мыңнан асқан. Қолдағы ірі қара да 7 мыңға жуықтапты.

Әбубәкір Қапаров, Жерұйық ауылының тұрғыны:

– Мал ұстау үшін жер қажет. Жем қажет. Шабындық шөп. Егер жер болатын болса, жем шөпті өзіміз өндірсек құны арзанға түседі ғой. Жаңағы мың екі жүзден пәленбайдан сатып алмаймыз.

Тұрағалды Бекжанов, Жерұйық ауылының тұрғыны:

Талды ауылында 41 мың гектар жайылым жер бар. Соның барлығы кезінде аудан көлеміне өтіп кеткен. Ешқандай біз толық ақпарат ала алмай отырмыз. Соның 4,5 мың гектарын былтыр қағаз жүзінде қайтарып берді. Оған 23 млн 385 млн төлейсіңдер деп отыр бізге.

Ауылдың дәл ортасындағы мына жерде кезінде монша болған. Ал қазір бұзылған күйі қаңырап бос тұр. Тексере келе оның иесі бар болып шықты. Қырманның бір бөлігі де жекенің қолына өтіп кеткенін көпшілік жақында ғана білген.  

Ермек Қуатов, Жерұйық ауылының тұрғыны:

– Енді ұмтылсақ деп едік, картасын түсірейік, әкімшіліктің балансына өткізейік дедік, сыздыруға ақша жинадық. Енді жинаған кезде жекеменшік шыға келді. Біздің айтарымыз жекеменшікке болмасын. Халықтың қырманы болып қалсын. Әкімшіліктің балансына өткізіп, берейін деп отырмыз. Біздің өтінішіміз осы.

Панфилов ауданында 43 мың гектардан астам егістік, 550 мың гектардан аса жайылым жер бар екен. 

Шухрат Құрбанов, аудан әкімінің орынбасары:

Жалпы, баданның жері деп айтады да. Баданның жері әр ауылға ауылға бекітіп қойған. Ол картада бар. Бірақ ол ауылға алыс. Оған көп ешкім бармайды. Сол үшін қазір ауылдың жанындағы жерлерді бекітуге жұмыс істеп жатырмыз.

Жауаптылардың айтуынша, ауданда жер телімдері де жеткілікті екен. Алайда оны тұрғындарға үлестіру үшін инфроқұрылымдық жүйелерін жүргізу қажет. Қаржы бөлініп, аталған жұмыстар атқарылған жағдайда ғана учаскелер кезек бойынша берілетін болады.   

Авторлар: Шыңғыс Қалиден, Қуаныш Түргенбаев

Хабар 24 телеарнасы