Болашақ сарбаздар құпияны ашты

Пандемия басталғалы Ертіс өңіріндегі әскери мектеп-интернатының бірде бір шәкірті коронавирустық инфекция жұқтырған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантин кезінде жедел шаралар қолға алынды. Алғашқы екі тоқсанда болашақ офицерлер қашықтықтан білім алса, қазіргі уақытта жоғары сынып оқушылары дәстүрлі формада оқып жатыр. Бүгінде сарбаздардың иммунитетін арттыруға басымдық берілген. Ас мәзірі өзгертіліп, сақтық шаралары күшейтілді.

Курсанттардың әр күні осылай басталады. Ұйқыдан ояну, таңғы сап түзеу және 10 минуттық жаттығу. Қазіргі уақытта интернатта 50 шәкірт тұрады. Тағы тең жартысы әлі күнге дейін қашықтан білім алуда.

Иран Бектеміров, облыстық әскери мектеп-интернатының директоры:

Сабақ 40 минуттан өтеді. Бір сыныпта 10-12 баладан ғана оқиды. Казармада балалар саны екі есеге азайтылды. Әр взводты екіге бөлдік. Тазалық жұмыстарын жиі жүргізеземіз. Осы уақытта балалар таза ауаға шығып, серуендейді. Оқушылардың қауіпсіздігіне назар аударамыз.

Курсанттар таңғы асқа келгенде міндетті түрде бір жарым метрлік әлеуметтік арақашықтықты сақтау керек. Пандемияға байланысты олардың иммунитетін түсіріп алмас үшін бес уақыттық ас мәзірі қайта қарастырылды. Мәселен, таңғы асқа оларға 30 грамм май, 40 грамм бал, 250 тары ботқасы, 100 грамм сүзбе беріледі. Сонымен қатар С дәріменімен байытылған шай қарастырылған. Осындай таңғы ас күні бойы сергек жүруге сеп болары анық.

Мектеп диетологтары курсанттардың күнделікті тамағына С дәруменін қосқан. Сүт тағамдары, балық пен  ботқа – негізгі тағам.

Амангүл Халмен, диетолог:

– А дәруменін қосамыз компот жасаған кезде. Кисель көбірек береміз. Айран, йогурт, сүт тағамдарын көбірек береміз. Біз есептейміз, бір жылдыққа төртке бөлінген тамақ. Әр аптаға бөлінеді, әр балаға граммен, сламақпен өлшейміз.

Санитарлық талаптар да қатаң сақталады. Балалар күніне 10 сабаққа қатысады. Әр екі сабақ сайын сыныптар кварцпен залалсыздандырылады. Мектепте санитайзерлер орнатылған.

Елисей Темнохуд, курсант:

Дұрыс тамақтану, дене шынықтыру. Ауырып қалмаудың жолы осы. Мектеп дәрігерінің кеңесімен таза су ішеміз. Иммунитетімізге мән береміз. Сабақтан кейін жаттығуларға қатысамыз. Өзім баскетбол ойнаймын.

Дені саудың – жаны сау. Карантин кезінде спортқа басымдық берілген. Жаттығу далада өтеді. Ал былғары қолғапқа әуес болашақ әскерилер бокс залынан табылады. Ал келер жылы мектеп аумағында стадион бой көтермек.

Асылжан Әлімов, спорт шеберіне үміткер:

 – Таңертең тұрып жаттығу жасаймыз, жүгіреміз. Одан кейін ас ішеміз, одан кейін 10 сабақ болады. Кейін кабинеттерде кварц болады. Спорттық шаралар болады, мысалы волейбол, баскетбол, теннис және бокстан.

Болашақ әскерилердің денсаулығы мен қауіпсіздігі қоғам белсенділерінің жіті бақылауында. Жас көшбасшылар сарбаздарға қамқор болып, мамандық таңдау мен өзге де мәселелер бойынша бағыт-бағдар бермек.

Авторлар: Ақмарал Есімханова, Самат Оспанов және Жеңіс Темірболат