Елімізде «5-10-20» бағдарламасы жалғасуы мүмкін

Елімізде «5-10-20» бағдарламасы жалғасуы мүмкін

Кредиттік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтып, «5-10-20» жобасын жалғастыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ол үшін жыл сайын 420 млрд теңге қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты. Жалға берілетін үй құрылысына жеке инвестиция тартып, жаңа бір тетік әзірлеу жоспары бар. Министрдің айтуынша, алдағы 7 жылда тұрғын үй құрылысына 3 трлн-ға жуық теңге бөлінсе, баспана кезегінде тұрған 353 мың адам нақты қолдау алады.