Бөлшек және көтерме саудада дәрілік заттардың сауда атауларына шекті бағалар бекітілмек

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2021 жылғы 26 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының берген тапсырмаларын денсаулық сақтау саласында іске асыру жөніндегі шаралар туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой баяндады.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі барлық денсаулық сақтау ұйымдарын, оның ішінде босандыру және реанимация қызметтерін түгендеу, оларды медициналық жабдықтармен, дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен жабдықтау шараларын жүзеге асыруда. Осыған байланысты ведомство жұмыс тобын құрды, оның құрамына министрліктің аумақтық департаменттері мен әкімдіктердің өкілдері кірді, түгендеуге жататын медициналық ұйымдардың кестесі мен тізбесі қалыптастырылды, сондай-ақ медициналық ұйымдарды түгендеу қорытындылары бойынша ұсынымдар әзірленетін болады, деп жазады primeminister.kz.

Денсаулық сақтау министрі А.Цой өңірлердің әкімдіктеріне медициналық жабдықпен жабдықтау бөлігінде ұсынымдарды орындау бойынша тиісті іс-қимылдар қабылдау қажет екенін айтты.

Бұдан басқа, денсаулық сақтау министрлігі «Бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттардың сауда атауларының шекті бағаларын бекіту туралы» бұйрық жобасын әзірледі, бұл дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларын теңгерімді реттеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осы шараның орындалуын бақылау үшін өңірлерде топтар құрылады, олардың құрамына келісім бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өкілдері кіреді. Топ мүшелері өңірлердің дәріхана ұйымдарында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бағаларына тұрақты негізде мониторинг жүргізеді деп жоспарлануда.

«Азаматтардың жекелеген санаттарына проактивті форматта дәрілік заттарды, мамандандырылған емдік өнімдерді, медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсынудың мемлекеттік қызметін енгізу үшін қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенті әзірленетін болады. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп осы қызметті мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесіне енгізу мәселесі пысықталуда және Әділет министрлігімен бірлесіп стандартты мемлекеттік тіркеу қамтамасыз етіледі», – деді Алексей Цой.

Халықтың иммундық статустын белгілеуді және эпидемияға қарсы теңдестірілген шараларды, оның ішінде оқушыларды оқытудың оңтайлы режимін енгізуді қоса алғанда, COVID-19 ауруының сенімді көрінісін анықтау бойынша статистикалық зерттеу жүргізуді қамтамасыз етуге қатысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалының базасында олардың арасындағы келісім шеңберінде жобаны іске асыруда. Бұдан әрі зерттеу нәтижелері негізінде статистикалық деректерді тіркеу жүргізілетін болады.

Сондай-ақ денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, отандық мобильді қосымшаға жеке иммундық статусы туралы ақпараты бар QR-кодтарды енгізумен толықтыру үшін e-govMobai мобильді қосымшасын іске қосу жоспарланған. E-govMobail AShYK медициналық қосымшасымен біріктіріледі. Онда медициналық ақпараттық жүйелерден алынған азаматтар бойынша, оның ішінде QR код арқылы тексеруге ұсыну үшін КВИ-ға қарсы вакцинациядан өткені туралы деректер де жинақталатын болады.

А.Цой вакцинация мәселесіне жеке тоқталды. Осылайша, азаматтарды коронавирус инфекциясына вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес барлық шаралар қабылданып, ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап COVID-19-ға қарсы иммундау іске қосылды.

«Осы жоспар аясында вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік ұсыныстар, сондай-ақ вакциналарды сақтау және тасымалдау ережелері әзірленді және бекітілді. Жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде», – деді денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ ол Денсаулық сақтау министрлігі белгілі қазақстандық дәрігерлердің ұсыныстарын жан-жақты талқылау үшін басшылықтың, ведомство өкілдерінің және сарапшылардың қатысуымен кездесу өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Олардың кандидатуралары денсаулық сақтау саласындағы ұлттық жобаларды айқындау жөніндегі топтың құрамына енгізу үшін жіберілетін болады.