Смартфондағы танымал қызметтер саны азаматтар үшін 100-ге дейін артады

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрландыру саласында берілген Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша ұсынылған шаралар туралы баяндады.

Б.Мусин атап өткендей, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген барлық тапсырмалары ерекше бақылауға алынып, белсенді жұмыс басталды.

Өткен жылы 1250 ауыл үшін оптикалық байланыс желісінің инфрақұрылымдық жобасы аяқталды. 928 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. Осылайша, 5330 ауыл мобильді интернетпен қамтылды, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Ревизия жүргізілді, 510 ауылда интернет жылдамдығына қатысты мәселелер қалып отыр. 2021 жылы Министрлік байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді.

Екі жылдың ішінде: 

- 286 ауыл 3G/4G стандарттарына ауыстырылады.

- 224 ауыл жерсеріктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына көшіріледі: радиорелейлік және оптикалық байланыс желілері.

- 250 адамнан кем 242 ауылға кең жолақты мобильді интернет жеткізіледі. 

2021 жылы операторлар 752 базалық станция салады, оған қоса тағы 562 станцияны жаңартады.  

Байланыс қызметтерінің сапасын бақылау бойынша

Бұған дейін байланыс сапасының минималды шегі реттелмеген еді. Бұйрық жобасы әзірленді, онда байланыс сапасының көрсеткіштері анықталған: мысалы, 4G үшін – кемінде 5 мб/сек қажет.

«Құжат көпшілік талқылауынан өтті. Мемлекеттік органдармен келісіп, екі ай ішінде бұйрық қабылдаймыз», – деді министр.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жұмыстары жүргізілуде.

Өткен жылы байланыс сапасын техникалық өлшеу үшін қосымша мамандандырылған жабдық сатып алынды.

Сонымен қатар байланыс сапасының параметрлерін бұзғаны үшін айыппұлдар сомасын 10 есеге 1000 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру бойынша түзетулер дайындалды. Bailanys.bar қызметі – елдің кез келген тұрғыны интернет жылдамдығын өлшей алатын сайт, ол тұтынушылардың құқықтарын қорғау платформалары e-tutynushy.kz және е-өтініш-пен интеграцияланады. Speed-test автоматты түрде, жүгіну форматында оператор мен реттеушіге түседі. Байланыс қызметтерінің сапасы ерекше бақылауда.  

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша

Б. Мусин атап өткендей, мемлекеттік қызметтерді автоматтандырудың нәтижелі болуының негізгі көрсеткіші – оның онлайн форматтағы танымалдылығы. Бұл әрбір мемлекеттік орган үшін түйінді көрсеткіш болуы тиіс.

«Жеке кәсіпкерді» тіркеуді шығару мен автокөлікті банктердің мобильді қосымшаларында сатудың нәтижелі тәжірибесін көбейту жалғасады.

«Биыл біз смартфондағы танымал қызметтер санын: азаматтар үшін 100 қызметке дейін; бизнес үшін 50 қызметке дейін арттыру міндетін алдымызға қойып отырмыз», – деді Б.Мусин.