ҚР ИИДМ: Қазақстанда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды

Биыл 10 қаңтарда құрылыс жобаларының жаңа мемлекеттік банкі іске қосылды, бұл оң сараптама қорытындылары бар жобаларды қайта қолдануға қосымша мүмкіндік береді.

Бұл туралы Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді.

2020 жылдың 1 мамырынан бастап сараптама порталында әлеуметтік нысандар құрылысы құнының шекті лимиттерін белгілейтін онлайн-калькулятор іске қосылды.

«Бюджет заңнамасында тыйым белгіленді, енді бюджеттен расталған қаржыландырусыз жобаларды әзірлеуге жол берілмейді. Оған қосымша, өңірлерде қажетсіз жобаларды әзірлеуді болдырмау үшін жоспарлау кезінде объектіні салалық орталық мемлекеттік органдармен алдын ала келісуді көздеуді ұсынамыз», — деді Б. Атамқұлов.