Қашағанда шикі газды өңдеу зауыты салынады

Биыл Қашағанда шикі газды өңдеу зауытының құрылысы басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоба құны – 850 млн доллар. Онда жылына 1 млрд текше метрге дейін шикі газ өңделеді. Энергетика министрлігінің алдында осындай міндет тұр. Қазір шикізат, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және қаржыландыру мәселелері пысықталып жатыр. Сондай-ақ мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес газ нарығын реттеудің жаңа тәсілдері әзірленуде. Оның ішінде ресурстық базаны ұлғайту мақсатында газ саласын дамытудың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспары бар.