Шетелден 133 жолаушы ПТР-анықтамасыз келген

Өткен тәулікте Мальдив, Біріккен Араб Әмірліктері, Мысыр, Түркия, Ресей, Беларусь және Әзербайжаннан 874 қазақстандық елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 133-інде ПТР-анықтама болмаған. Тиісті құжатсыз келгендер тест тапсыру үшін карантиндік стационарға жіберілді. Ал 31 қаңтарда елге оралған  644 жолаушыдан коронавирус анықталмады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі төрт облыс «қызыл аймақта» тұр. Олар: Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан өңірлері. Елорда, Қостанай, Атырау, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары «сары», қалған өңірлер мен қалалар «жасыл аймақта».