Зейнетақы жинақтарын алу: көшбасшы қала аталды

Алматы зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу туралы өтініштердің қанағаттандырылғанды жөнінен көш басына шықты.

Бұл туралы брифинг барысында «Отбасы банктің» басшысы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Алматы – өтініші қанағаттандырылған және зейнетақы жинақтарының көлемі жағынан көшбасшы қала», – деді Ибрагимова.  

Мемлекеттік аннуитеттік компания мәліметінше, Алматыда зейнетақы жинақтарын шешу құқығына ие 170,6 мыңнан астам адам бар. Бұл елордамен салыстырғанда екі есе көп, яғни екінші орында тұрған бас шаһарда 94 719 адам зейнетақы жинақтарын ала алады.

Ал зейнетақы жинақтарын шеше алатындар саны бойынша ең төменгі сатыда Түркістан облысы тұр – 1224 адам.