ММРК-нің 21 лауазымды тұлғасына қатысты сот үкімі шықты

Олар сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін қатаң жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келтірілген шығын мөлшері 6,5 млрд теңге шамасында. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Жазаға тартылғандардың бірі – комитеттің экс-төрағасы. Енді ол өмірінің 8 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Агенттік өкілдері оны мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізген.