Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адам COVID-19 жұқтырған

Қарағанды облысына қарасты Шахан кентіндегі қарттар үйінде 96 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

70-і сонда тұратын қариялар болса, 26-сы мемкеме қызметкерлері. Барлығының да жағдайы қалыпты дейді дәрігерлер. Қазіргі уақытта пансионаттағы вирус ошағы жабылды. Дәрігерлер байланыста болған адамдар тобын анықтап, ПТР тест тапсыртты. Пансионат наурыз айынан бері қауіпті індетке байланысты жабық жұмыс істеп келді. 

Айгүл Шатекова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің ресми өкілі:

– Коронавирустық инфекция Шахан кентіндегі медициналық әлеуметтік мекемеде тіркелген. Бүгінде ошақ оқшауланып, барлық байланыста болғандар ПТР тапсырды. Дезинфекция жүргізілді. Барлық науқасқа стационарлық көмек көрсетілуде.