ШҚО-да тағы 3 санитарлық бекет қойылды

Шығыс Қазақстан облысы қайтадан «сары аймаққа» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта коронавирус жұқтырғандар саны артып барады. Қазір өңірде қосымша тағы 3 санитарлық бекет қойылды. Бұған дейінгі екі бекет Павлодармен шектесетін аудандарда тұрса, үшеуі Алматы облысымен шекаралас өлкелерде орналасқан. Облыста ауру көрсеткіші тұрақталмай тұр. Эпидахуалдың бұлайша құбылуы карантиндік сақтық шаралараның сақталмауынан дейді мамандар. Тұрғындары қарапайым талаптардың өзіне салғырттық танытады. Мониторингтік топ мүшелерінің айтуынша, қоғамдық көліктерге тексеріс жүргізген алғашқы күні бетперде тақпайтын жолаушылар көп кездескен. Семейдегі автобустарды аралау кезінде 20 адамның маскасыз жүргені анықталды. Талапқа сай келмейтін сауда орындары да бар. Өткен айда 2 мыңнан астам бизнес нысаны мен 360-тан астам жолаушылар көлігі тексеріліп, ереже бұзған 109 дерек тіркелді.

Бағлан Тауанова, облыстық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау департаментінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас маманы:

– Облыс аумағынан кіріп-шығуға тиісті құжаттарын көрсеткен жағдайда ғана санитарлық бекеттерден өте алады. Алматы облысы тарапынан қойылған бекеттер сол жақтағы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық қолайсыз болғанынан.