COVID-19: Қостанай облысында жылжымалы зертхана ауыл-аймақты аралайды

Қостанай облысында коронавирус сынамасын тексеретін жылжымалы зертхана жұмысын бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елімізде осындай сегіз кешен бар. Мамандар Алматыға барып арнайы курстан өтіп келген. Жылжымалы нысан бір тәулікте 300-ге дейін зертханалық тексеріс жүргізеді. Бұл шалғай аудандарға шығып, қауіпті індетті жедел анықтауға мүмкіндік береді дейді мамандар. Тіркемелі КАМаз көлігінде орналасқан зертхана Денисов ауданына аттанды. Сол жақта Қамысты, Жітіқара аудандарының тұрғындарын да қабылдайды. Жылжымалы зертхана жұмыс істеуге қолайлы етіп жабдықталған.

Қарлығаш Кенжебаева, вирусологиялық зертхана меңгерушісі:

– Тіркемеде демалыс бөлмесі орналасқан. Дәрігерлер сол жерде ас ішіп, жуынып-шайынып демалады. Мамандардың шалғай аудандарда ұзақ мерзім жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.