419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусқа қарсы екпе алғандарда тұмау белгілері байқалуы мүмкін

  • 150
  • UPD: 20:28, 02.02.2021
Коронавирусқа қарсы екпе алғандарда тұмау белгілері байқалуы мүмкін

Коронавирус індетіне қарсы вакцина алғандарда 3 күнге дейін тұмау белгілері байқалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дене қызуының көтерілуін немесе бұлшықет әлсіздігін байқаған азаматтарға алаңдауға еш себеп жоқ. Қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы Маржан Мырзалы осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцина салған орын сәл ісіп кетуі де қалыпты жағдай болып саналады. Тек аллергияға қарсы препарат қабылдаған жеткілікті. Алайда дене қызуы 40 градусқа дейін көтерілсе, міндетті түрде дәрігерге хабарласқан жөн. Коронавирусқа қарсы вакцина салдырмас бұрын алкоголь ішуге болмайды. Балалар мен бала емізіп жүрген аналар да екпе салдырмайды.

Маржан Мырзалы, қоғамдық денсаулық сақтау саласының маманы:

– Вакцина – иммунобиологиялық препарат. Қарсы көрсетілімдері бар. Ағзаға енгізілгеннен кейін реакциялар бар. Сол реакциялардың ішінде қызба, ісіну қалыпты жағдай. Ағзаның реакциясы деп түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы