Алматыда қант бағасын көтерген кәсіпкерге айыппұл салынады

Алматыда қант бағасын көтерген кәсіпкерге 291 мың 700 теңге көлемінде айыппұл салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егер дүкеннің қант бағасын бірнеше рет көтергені расталса, айыппұл көлемі екі есеге артады. Қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қорда өнім көлемі жеткілікті екенін айтады. Қанттың көтерме бағасы да өзгерген жоқ. Соған қарамастан шағын дүкендер бағаны негізсіз көтерген. Енді арнайы қаулы бойынша қанттың нарықтағы бір келісі 254 теңге көлемінде бекітілді. Қала тұрғындары осы шекті бағадан қымбат қант өнімін сатып алған жағдайда жергілікті әкімдікке шағымдануға болады.   

Дамир Тазабек, қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары:

– Былтыр 1500 тонна Алматы қаласының тұрақтандыру қорында болды. Және де 2 мың тонна форвардтық түрмен сатып алынған қант болды. Былтыр жыл бойы біз сол қантты сатып, қазіргі кезде үлкен қант зауытымен келісімсөздер жүргізіп жатырмыз. 2 мың тонна сатып алуға. Қымбаттатуға ешқандай негіз жоқ.

Сондай-ақ...