Оралда мониторингтік топ кәсіпкерлік нысан есігін бұзып кірді

Оралда кейбір кәсіпкерлік нысандары шектеу уақытына қарамастан түнге дейін қызмет көрсеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір айда дәл осындай 50-ден астам дерек тіркелді. Рейд кезінде кальян-бар мен компьютерлік клуб иелері ғимарат есігін құлыптап алып, ашпай қойған. Мониторингтік топ төтенше жағдайлар департаменті мамандарының көмегімен есікті бұзып кірді. Ойын-сауық орындарындағы адамдар терезе мен артқы есіктен қашып үлгерген. Карантин талаптарын елемеген кәсіпкерлерге қатысты материал санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды. Мейрамханаларда той-томалақ өткізу тыйылғанымен, коттедждерде әлі жалғасып жатыр.

Аслан Жармұханов, мониторингтік топ жетекшісі:

– Біздер әлеуметтік желілерде мониторинг жүргіземіз. Сонда байқағанымыз, көбінесе жер үйлерде, жалданатын коттедждерде өткізеді. Біз сол бағытта да жұмысты күшейтеміз.

Сондай-ақ...