ШҚО-да кемшілік анықталған медициналық ұйымдарға қаражат берілмейді

Былтыр Шығыс Қазақстан облысындағы медициналық ұйымдарда 118 мыңнан астам кемшілік анықталған.

Олардың барлығы дәрігерлік көмек көрсету сапасы мен ауқымына байланысты. Енді ол мекемелерге қызметтері үшін 800 миллион теңгеден астам қаражат берілмейді. Бұл туралы облыстық әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мәлімдеді. Мәселен, бірнеше медициналық орында стационарлық және ауыстырмалы көмек көрсету бойынша бекітілген стандарттар сақталмаған. Сол үшін оларға 530 миллион теңге төленбейді. Ауылдық жерлердегі медициналық мекемелерде 98 миллион теңгенің кемшілігі белгілі болды. Көбінесе медициналық көмек көлемін жасанды ұлғайту, диагнозды ауырлатып көрсету немесе тиісті көмек беруден бас тарту сынды деректер кездеседі.