«Нұрлы жер»: БҚО-да тұрғындар 540 млн теңгені жымқырған

Батыс Қазақстан облысында 540 миллион теңгені жымқыру дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қаражат «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бөлінген екен. Қолды болған қазына қаржысы облыс орталығын электр энергиясымен қамтамасыз етуге жұмсалуы тиіс еді. Әзірге бұл іске кімдердің қатысы бары анықталып жатыр. Тергеу құпия түрде жүргізілуде.

Жалпы, өткен жылы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша 300-ден аса қылмыстық іс қозғады.

Айнагүл Мұташева, БҚО Экономикалық тергеу департаментінің бас маманы:

- Департамент бұл БҚО Орал қаласындағы тұрғын аймағына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша электр энергиясымен қамтамасыз ету нысанын салуға арналғандығын анықтады. Тергеу мүддесіне қатысты әзірге басқа ақпарат жария етілмейді.