419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды

  • 96
  • UPD: 11:18, 03.02.2021
ҚР СИМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы тағайындалды primeminister.kz

ҚР сауда және интеграция министрінің бұйрығымен Асқар Станиславұлы Тынысбеков ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Асқар Тынысбеков 1964 жылы Алматы облысында туған.

1984 жылы Қазақ дене шынықтыру институтын, 1992 жылы Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Талдықорған қаласы трестінің спорт нұсқаушысы болып бастаған.

Әр жылдары балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы-оқытушы, дене шынықтыру және спорт комитетінің төрағасы, педагогикалық бөлімнің нұсқаушысы болып жұмыс істеді.

1991 жылы ҚР мемлекеттік органдарында еңбек жолын бастады.

1991-1992 жылдары – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясы шаруашылық органдарының салық салу бөлімінің мемлекеттік салық инспекторы.

992-1994 жж. – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Қаржылық бақылау комитеті бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1994-1996 жж. – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы бойынша ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996 жылы – ҚР ҚМ жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша бөлімшесінің бас бақылаушы-ревизоры.

1996-1998 жж. Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша салық инспекциясында жұмыс істеді.

1998-2000 жж. – Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары.

2000-2002 жж. – ҚР Мемлекеттік кірістер министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы.

2002 жылдан 2019 жыл аралығында ҚР Қаржы министрлігінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2019 жылғы қазаннан бастап қазірге дейін ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Хабар 24 телеарнасы