Алғашқы қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспана алды

Шымкент қаласында тұратын алғашқы қазақстандық біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып баспаналы болды.

Бұл туралы «Отбасы банк» хабарлады.

– Мен өзімнің зейнетақы жинақтарымның  жеткіліктілік шегінен асатын бөлігін пайдалануға болатынын әлеуметтік желілерден білдім, – деп атап өтті кейіпкер. – Онлайн-платформа іске қосылғаннан кейін, келесі күні қаражатты пайдалануға өтінім бердім. Ал 1 ақпанда менің арнайы шотыма бір жолғы зейнетақы төлемдері түсті.

Тұрғын үйді ол үлестік қатысу шарты аясында сатып алды. Ал ипотеканы «Отбасы банкінен» алуды ұйғарған.

– Бастапқы жарна ретінде зейнетақы жинақтарымды қолдандым, – дейді кейіпкер. – Ипотеканы «Отбасы банктегі» аралық заем арқылы рәсімдедім, себебі пайыздық мөлшерлемесі және рәсімдеу жылдамдығы ұнады.