Елордада жексенбі күні қоғамдық көлік жүретін болды

Елордада карантиндік шектеу шаралары жеңілдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді қоғамдық көлік күн сайын жүреді. Дәмхана, мейрамханалар кешкі 20:00-ге дейін емес, түнгі 00:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауда ойын-сауық орталықтары келушілерді сенбі күні де қабылдайды. Бірақ жұмыс берушілерге талап жеңілдеген жоқ. Кеңсе қызметкерлерінің басым бөлігі қашықтан жұмыс істеуі шарт. Бас қала қауіпті індеттің таралу деңгейі бойынша таяуда ғана «сары» аймаққа өткен болатын. Бұған соңғы бір аптада коронавирусты жұқтыру көрсеткішінің төмендеуі себеп. Шаһардың бас санитар дәрігері «жағдай 80%-ке жақсарған» деп хабарлады.