Елімізде үш өңір әлі «қызыл» аймақта тұр

Батыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қаупі бойынша «сары» аймаққа өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған дейін өңір қызыл аймақта болатын. Енді Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарымен бір деңгейде. Өткен тәулікте аймақта 85 адам қауіпті вирус жұқтырған. Бұл орташа қалыпты көрсеткіш. Республика бойынша 3 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр. Олар – Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстары. «Қалған өңірлер «жасыл» аймаққа өткен», - дейді Денсаулық сақтау министрлігі.

Сондай-ақ...