Министр: Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің табысы артады

Аудандық маңызы бар қалалар мен ауылдық округтердің табысы артады.

Бұл туралы бүгін Мәжісітің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді. Депутаттар тиісті заң жобасын бірінші оқылымда қарап, құжатқа қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Заң жобасына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға жерді пайдалану, оны сату мен жалға беру салықтары түсетін болады. Бұл қаражат кезек күттірмейтін шығындарды өтеуге жұмсалады. Елді мекендердің бюджетін бекіту де жеңілдейді. Кенттерде әкім аппаратының резерві құрылады. Сондай-ақ жергілікті мәслихат сессиясы төрағасының қызметі жойылып, оның өкілеттігі мәслихат хатшысына беріледі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин жергілікті атқарушы органдар бюджетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, ауылдық округтердің табысы ұлғайғанымен, жауапкершілігі жеңілдемейді. Атқамінерлер бюджет қаражатына мұқият болуы тиіс.