Баспана бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу керек – депутат

Былтыр тұрғын үй бағасы орташа есеппен алғанда 17,2%-ке қымбаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңадан салынған пәтер 5%, ал қолданыстағы баспана құны 13,2%-ке өсті. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Аманжан Жамалов мәлімдеді. Оның айтуынша, мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктердің пайдасы тек құрылыс компанияларына ғана тиіп жатыр. Ал, қарапайым халық әлі күнге дейін қалаған шаршы метрлеріне қол жеткізе алмай отыр. Осы орайда депутат баспана нарығын терең зерттеп, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу керектігін алға тартты. Сондай-ақ ол шаршы метрдің шектік құнын бекіткен жөн екендігін ескертті.