Бас қалада 286 медицина қызметкері екпе алды

Вакциналау шарасының екі күнінде елордадағы 286 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы екпе алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тізімде жұқпалы аурулар ауруханасы мен жедел жәрдем қызметкерлері бар. Олар коронавирусты жұқтыру қаупі жоғары тәуекел тобына кіреді. Мамандардың айтуынша, вакцина салынғаннан кейін кері әсері байқалмаған. Алматы қаласында көрсеткіш бұдан бірнеше есе жоғары. Онда 1 мыңға жуық медицина қызметкері вакцина алды. Бұған дейін мегаполиске «Спутник V» екпеcінің 2 мың дозасы жеткізілген болатын.