Е.Қиясов: «Спутник V» вакцинасынан кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2021 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасында халықтың КВИ-ға қарсы вакциналау басталды.

КВИ-ға қарсы вакцинация Ресейдің Эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығы әзірлеген «Спутник V» вакцинасы қолданылады.

Аталған вакцина өндірісі Қарағанды фармацевтикалық кешенінің базасында орналасқан.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Киясовтың айтуынша, әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі Lancet (Ұлыбритания) SARS-CoV-2 коронавирусына қарсы вакцинаның тиімділігі 91,6%-ті құрағанын хабарлады.

«Сонымен қатар, «Спутниктен» кейін иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді. Вакцина коронавирустың британдық және Оңтүстік Африка жаңа штамдарына қарсы тиімді.

Сондай-ақ вакцинаны жасаушылар «Спутник» COVID-тің орташа және ауыр ағымынан 100% қорғайтынын атап өтті», – деді Қиясов.

Вакцинация вакцинаның түсуін және халықтың әртүрлі топтарының эпидемиологиялық маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.