419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай облысына вакцинаның 1200 дозасы жеткізілді

  • 195
  • UPD: 20:09, 03.02.2021
Қостанай облысына вакцинаның 1200 дозасы жеткізілді

Қостанайда «Спутник V» вакцинасы үш жүзге жуық медицина қызметкеріне салынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның ішінде бірінші кезекте жедел жәрдем, жұқпалы аурулар ауруханасы, қабылдау стационарының ұжымы егілді. Облысқа вакцинаның 1200 дозасы жеткізілген. Екпе жұмыстары 31 медицина мекемесінде жүргізіледі. Наурыз айында вакцина мұғалімдерге, ал сәуірден бастап өтініш білдірген барлық адамға ерікті түрде тегін салынады. Аймақта жалпы саны 93 стационарлық және жылжымалы екпе салу пункті жұмыс істейді. Жақын арада шалғай аудандарға вакцина тасымалдайтын авторефрижератор келеді.    

Марат Дәуменов, облыстық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

– Коронавирустың алдын алудың бірден-бір бағыты. Сондықтан вакциналау дұрыс деп ойлаймын. «Ауырмаудың жолы осы болар» деп келіп отырмыз вакцина алуға. Өйткені бұл ғылыми вакцина дәлелденген, ойлап табылған амалдардың бірі ғой.

Хабар 24 телеарнасы