Қазақстанға шетелден 247 жолаушы анықтамасыз келген

2021 жылғы 3 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді.

1 143 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 896 адам, анықтамасыз 247 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 622 жолаушы, анықтамамен – 586, анықтамасыз – 36;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 517 жолаушы, анықтамамен – 306; анықтамасыз – 211;

Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 4 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

2021 жылдың 2 ақпанында шетелден анықтамасыз келген Қазақстан азаматтарының ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген барлық 191 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.