Қарағандылық кәсіпорын Қытайға 120 тоннадан астам темірді заңсыз сатқан

Олардың бұл әрекеті биыл қаңтарда анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпорын 2016-2017 жылдары рұқсат ететін құжатсыз кен өндірумен айналысып, еншілес компания арқылы Қытай асырып отырған. Одан 1,1 миллиард теңге пайда тапқан. Елдің қаржылық мониторинг агенттігі аталған іс бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.