Мәжілістің бірнеше депутаты коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Олар медицина саласында ұзақ жыл еңбек еткен тәжірибелі мамандар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысалы, Зарина Камасова, Ғалымжан Елеуов пен Лариса Павловец депутат болып сайланғанға дейін індетпен күрес шараларының бел ортасында жүрген. Қалған депутаттар денсаулық сақтау министрлігінің кестесіне сәйкес, наурыз айында екпе салдырады. Ал Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бұған дейін коронавируспен ауырғандықтан, ағзасында жеткілікті антидене бар болып шықты. Жаппай вакцинациядан өту ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына ықпал етеді дейді екпе алғандар.

Ғалымжан Елеуов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Дәрігер ретінде мен қазір жаппай вакцинациялау ғана коронавирустың таралуына қарсы тұра алатындығын жақсы түсінемін. Әрине, бұл әр адамның еркі. Мен нақты шешім қабылдадым: екпе жасатамын. Өйткені ол менің де, туыстарым мен достарымның да денсаулығы осыған байланысты.

Сондай-ақ...