Қостанайда карантиндік шектеулер жеңілдетіледі

Қостанайда алдағы дүйсенбіден бастап діни ғибадат орындары мен спорттық-сауықтыру нысандары жұмысын жандандырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін аймақтағы бас санитарлық дәрігердің қаулысы жарық көрді. Онда қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы түнгі сағат 11-ге дейін ұзартылатыны жазылған. Монша, спа-орталықтар, жабық фитнес, спорт кешендері қайта ашылады. Аумағы 2 мың шаршы метрден асатын сауда ойын-сауық орталықтары жексенбіден басқа күндері кешкі сағат 10-ға дейін қызмет көрсетеді. Айта кетелік, Қостанай облысы 1 ақпанда қызыл аймақтан сары аймаққа өткен болатын. Соңғы тәулікте өңірде 85 адамнан вирус анықталған. 

Ермұханбет Дәулетбаев, облыстың бас санитарлық дәрігері:

– Жеңілдік жасалып, жүмыс істеуге рұқсат берілген нысандарда карантиндік шаралардың, санитарлық талаптардың сақталуы қатаң бақылауда болады.Бұл міндетті мониторингтік топтар жүзеге асырады. Егер қандай да бір заң бұзушылықтар анықталып жатса, әкімшілік жазаға тартылады.