Қазалыда оттегі станциясы іске қосылды

Қызылорда облысы Қазалы аудандық ауруханасы жанынан оттегі станциясы іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Автоматтандырылған заманауи құрылғы сағатына 40 текше метр тазалығы 99 процент болатын оттегі шығарады. Техникалық қауіпсіздігі толық ескерілген аппарат тәулік бойы 120 баллонды толтыруға қауқарлы. Оның жартысынан көбі Арал, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласындағы емдеу мекемелеріне жіберіледі. Айта кетейік, Қазалыдан бөлек, көпбейінді облыстық аурухана маңынан да оттегі өндіру бекеті ашылған болатын.   

Раушан Қалуова, Қазалы аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:

– Аурухананың жансақтау, оңалту бөлімшелеріне тікелей тартылып, беріліп жатыр. Босану бөлімі аурухананың «Б» блогында орналасқан, 2-ғимаратта орналасқан провизорлық-инфекциялық бөлімшелерге баллонмен беріліп тұрады.